Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Полиция қызметі мінез-құлқының негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

2017 жылдың 5 маусымында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды орындау аясында  Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджановтың қатысуымен Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарында «Полиция қызметі мінез-құлқының негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстел   отырыстары өткізілді.

Кездесулерге аталған аудандардың құқық қорғау органдарының өкілдері мен дербес бөлімдердің басшылары шақырылды.

Отырыс барысында құқық қорғау органдарында, жалпы ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың қаупі жоғары екені, жемқорлықтың салдарынан азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілер жойылуда екені,  жол қатынасының қатысушыларымен байланысты жою бойынша аймақтарда қабылданып жатқан тәжірибелік шаралар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі ережелері қарастырылды.

Жыл сайынғы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесі шеңберінде құқық қорғау органдарын бағалау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасы саласындағы негізгі аспектілер талқыланды.
Департамент госслужбы

0
0
324

Осы тақырып бойынша

Полиция қызметі мінез-құлқының негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары - Yvision.kz