Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Полиция халықпен дұрыс сөйлесіп үйренуі керек"Президент Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерілді

Тоқаев: "Полиция халықпен дұрыс сөйлесіп үйренуі керек"

Президент Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерілген 20 мәселе.

📷 2021 жылы 700 мың азамат пәтер сатып алу үшін зейнетақы жинағын пайдалана алады.

...

📷 Мемлекеттік аппараттағыларды қысқарту керек. Биыл оларды 10 пайызға, келесі жылы 15 пайызға қысқарту қажет.

...

📷 Пандемия кем дегенде екі жылға созылады. Біз халықтан ештеңені жасырған жоқпыз, өлім-жітім көрсеткішін ашық жарияладық, ащы да болса шындықты айттық.

...

📷 Жыл соңына дейін "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзету енгізіледі. Бізге жаңа кәсіби кадрлар керек. Мемлекеттік қызмет жабық кастаға айналмауы тиіс.

...

📷 Қазақстанда Тоқаевқа тікелей есеп беретін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылады.

...

📷 Үкімет жаңа жекешелендіру жоспарын қабылдауы тиіс. Мемлекет меншігінде тек әлеуметтік нысандар, сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігі мен қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін нысандар ғана қалады.

...

📷 Басы артық еншілес компанияларды қысқарту жұмыстары жалғасын табады. "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтері бірігіп, штат саны 50 пайызға қысқарады.

...

📷 Қазіргідей қаржы тапшы уақытта кәсіби спорт клубтарды мемлекет есебінен қаржыландыру қисынсыз. Оларға жұмсалған миллиардтарды бұқаралық спортты, балалар спортын дамытуға бағытталады.

..

📷 Диплом сатумен айналысатын оқу орындарын жабуға олардың артындағы ықпалды тұлғалар кедергі келтіруде. Олар білім саласын бизнеске айналдырып алған. Үкіметбасы Мәмин бұл мәселені айрықша назарға алуы тиіс.

..

📷 2025 жылға дейін 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік балабақша салумен мәселе шешілмейді. Бизнесті атсалыстыру керекпіз.

...

📷 Полиция халықпен дұрыс сөйлесіп үйренуі керек! Реформа полиция мен халық арасында ашық әрі сауатты диалог орнатудан басталады. "Сергек" секілді бақылау жүйесін көше ғана емес, барлық түзеу мекемелері мен полицияның қызметтік кеңселерінде орнату қажет.

...

📷 Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылады. Ішкі істер министрлігін қосалқы функциялардан босату қажет, бұл полиция қызметінің тиімділігін арттырады.

...

📷 Келесі жылы елімізде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады. Қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр.

...

📷 Дәрігерлерді материалдық тұрғыдан қолдау қажет. Оларға үстемақы беріледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 150 млрд теңге бөлінеді.

...

📷 Сот жүйесі "жабық корпорация" емес. Соттарды іріктеу жұмысы ашық жүріп, халық белгілі бір үміткердің сот саласына қалай, қайдан келгенін білуі тиіс.

...

📷 Үкімет қашықтан оқытуды ұйымдастыруда көп қателік жіберді. Оқушылар мен ата-аналар күні түні WhatsApp-та отыруға мәжбүр. Қашықтан оқуға арналған онлайн платформаны шұғыл түрде әзірлеуді тапсырамын.

...

📷 Қазақстанда онлайн-петицияға жолдауға болатын институт құрылады. Азаматтар ұсыныс-шағымдарын осы араға жолдай алады. Бұл құрылым ешкімнің сойылын соқпайды. Үкіметке жобаны әзірлеуге қажетті құжаттарды сайлай берсін деді Тоқаев.

...

📷 Педофилдерге кешірім жоқ. Олардың мерзімінен бұрын босап шығуына жол берілмейді. Олар қатаң тәртіптегі мекемелерде жазасын өтеуі тиіс. Мұндай іске салдыр-салақ қараған құқық қорғау органдары қатаң жазаға тартылады.

...

📷 ТОҚ ЕТЕР: Еліміздің жаңа экономикалық бағыты негізгі 7 қағидадан тұруы тиіс.

Біріншісі - табыс пен міндеттердің әділ бөлінуі.

Екіншісі - жеке кәсіпкерліктің жетекші рөл атқаруы.

Үшіншісі - әділ бәсекелестік, кәсіпкерліктің жаңа буынына нарықтардың ашық болуы.

Төртінші - өнімділіктің өсімі, экономиканың күрделілігі мен технологиялық тиімділігінің артуы.

Бесінші - адами капиталды дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция салу.

Алтыншы - жасыл экономиканы пайдалану, қоршаған ортаны қорғау.

Жетіншісі - мемлекеттің негізі бар шешімдерді қабылдауы және сол үшін қоғам алдындағы жауапкершілік алуы.

0
0
291

Осы тақырып бойынша

"Полиция халықпен дұрыс сөйлесіп үйренуі керек"Президент Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерілді - Yvision.kz