Пікірсайысшылардың біліктіліктері арттырылды!
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері мен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен "SANA" оқыту орталығының ұйымдастыруымен пөрешілердің біліктілігін арттыру мақсатында «Пікірсайыс төрешілерінің біліктілігін арттыру» тақырыбында облыстық оқу-семинар өткізілдін. Семинар барысында пікірсайыстың толық ережелері мен төрешілік қағидалары түсіндіріліп, шеберлік-курстары өткізілді. Оқыту семинарының қорытындысы бойынша қатысушыларға "Пікірсайыс төрешісі" біліктілік сертификаты табыс етілді.

