Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлдық сақшылар мен депутаттар ойын-сауық орындарында түнгі рейдтер жүргізді

Облыстық және қалалық полиция ведомствосының 170-тен астам қызметкері Петропавл қаласындағы ойын-сауық орындарында өткізілген түнгі рейдке жұмылдырылды. Рейдке сондай-ақ қалалық маслихат депутаттары мен ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган мүшелері қатысты. Жұмадан сенбіге қараған түні орын алған түнгі рейд «Участке» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өткізілді. Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері барлық бағытта жұмыс атқарып, үйлердің аулаларын патрульдеу мен көлік құралдары жүргізушілерін тексеру сияқты ауқымды жұмыстар атқарды.

Сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін жүргізілген рейдті жеке басқарған Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың айтуынша, таңғы сағат 6-ға дейін жүргізілген рейд барысында 100-ге тарта түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, көлікті масаң күйде басқарған 5 жүргізуші ұсталды. Құқық қорғау қызметкерлері көшелер мен аулаларды патрульдеуден бөлек дәмхана мен сырахана ғимараттарында да тексерістер жүргізді. Қаламыздың екі дәмханасынан жеті бірдей кальян тәркіленіп алынды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар өз бағыттары бойынша жұмыс істеді. Бір түн ішінде үй-жайлардан тыс заңды өкілдерсіз жүрген 8 кәмелетке толмаған ұсталды. Полиция қызметкерлері олардың екеуін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізді.

Полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылған түнгі рейдке ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган мүшелері, депутаттар белсенді қатысты. Рейд барысында депутаттар жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен жақынырақ танысып, жұмыс бабында туындайтын мәселелерге көз жеткізді.

«Бүгін, біз, полиция қызметкерлерімен түнгі уақытта ересектерсіз көше кезіп жүрген жасөспірімдерді, дәмханаларда заң бойынша қолдануға рұқсат етілмеген кальян өнімдерін ұсыну, көптеген адамдардың жат мінез танытып жататындығының куәсі болдық. Бұл әрине өте өкінішті. Сондықтан да, мен біздің азаматтарды осыншалықты жағдайға дейін төмендемеулерін, керісінше өздерінің адамгершілік қадiр-қасиеттерін сақтап, құқық қорғау қызметін құрметтеулерін сұраймын», - деп рейдтің қорытындысын жасады Петропавл қалалық маслихаттың депутаты, СҚО ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Павел Афанасьев.

Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жергілікті полиция қызметінің үнемі қатаң бақылауында. Осы сияқты рейдтер алдағы уақытта жалғасатын болады.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
783

Осы тақырып бойынша

Петропавлдық сақшылар мен депутаттар ойын-сауық орындарында түнгі рейдтер жүргізді - Yvision.kz