Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Персоналды басқару қызметтеріне арналған семинар ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы әкімі аппаратымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің кезектен тыс аттестациясын өткізу мәселесі бойынша жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне  арналған семинар өткізді.

Модератор облыс әкімі аппаратының басшысы Ж.Нұркенов іс-шараның мақсатын атап өтіп, семинарды ашты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалинов «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестациясын өткізу тәртібі  тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі.  Аттестаттауды сапалы өткізуге,  мемлекеттік қызметшілердің аттестаттаудың екінші кезеңі – жеке қасиеттерін бағалау бойынша өткізілетін тестілеуге уақытында келуін қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.

Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 35 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.Департамент госслужбы

0
0
242

Осы тақырып бойынша

Персоналды басқару қызметтеріне арналған семинар ұйымдастырылды - Yvision.kz