Персоналды басқару қызметтеріне арналған семинар ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті орталық мемлекеттік органдардың Ақмола облысындағы аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтеріне арналған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу қағидалары мен тәртібін түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды. Аттесттауды өткізудің кестесін орындауды, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық аудандық бөлімшелері қызметшілерінің аттестаттаудың екінші кезеңі – жеке қасиеттерін бағалау бойынша өткізілетін тестілеуге уақытында келуін қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.Іс-шара 11 персоналды басқару қызметкерлерін қамтыды. Аталмыш семинар кадр қызметкерлерінің туындаған сұрақтарына жан-жақты толық жауап алуға мүмкіндік беретін ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді. Семинардың барысында қатысушылар қойған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
