Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда кітапты ең көп оқыған кімдер?

Жақсы кітап – автордың бүкіл адамзатқа тартуы. Көп жыл бұрын айтылған ағылшын публицисті Аддисонның осы бір қанатты сөзі кімді де болса ойға қалдырмай қоймайды. 21 ғасырдың кезеңінде, компьютер мен гаджеттердің заманында, бізге осы кітапханалардың сөрелерінде үйіліп тұрған сыйлықтар керек пе? Аталған сұрақтың жауабын табу үшін Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ «Үлкен,  кіші, кәріміз – кітап оқиық бәріміз!» атты әдеби викторина ұйымдасырды.

Кітап оқуды сүйетіндер үшін жарыс 2 кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысқан командалардың бәрі кілең «сен тұр – мен атайын!» дегендер. Олар: «Жас дарын» мектебі құрамасы, 10 лицей, Дарынды балаларға арналған көп салалы гимназия, ПМПИ құрамасы, Жас мамандар құрамасы. Командалар ұяшықтағы сұрақтарға кезек арқылы жауап береді. Викторина сұрақтары қиындық деңгейлері бойынша бөлінген, және тиісінше балл берілетін болады. Ең оңай сұрақтар нөмірі 10 ұяшыққа жасырылған. Оған дұрыс жауап беген ойыншы 10 ұпай алады және сәйкесіне 20, 30 ұпайларда солай үлестіріледі.

Тартысқа толы сайыстың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жас мамандардан құралған «Айхай 25» тобы – 1 орынға қол жеткізсе,  10 лицей шәкірттері – 2  орын, «Жас дарын» мектебі – 3  орынға табан тіреді. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

 
1
0
1293

Осы тақырып бойынша