ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Павлодар облысында «ІТ-технология» саласындағы үздік жобалар анықталды

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауының басым бағыты – эконмиканы  жеделдете дамыту бөлімінің орындалуы бойынша, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі 14-29 жас аралығындағы аймақтағы мектеп оқушылары, ТжКБ және ЖОО студенттері арасында «IT-технология саласындағы бастамалар» Облыстық байқауын жарияланған болатын.

Байқауға 36 жоба ұсынылып, финалға 16 жоба өткен болатын. Бүгін «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің ғимаратында байқаудың финалдық кезеңі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Николай  Дычко, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту орталығы» АҚ менеджері Назымбекова Дана Русланқызы, Иннновациялық Еуразия университетінің проректоры Шнайдер Владимир Александрович сияқты құрметті қонақтар қатысты.

Финалға  16 жоба жіберілді, олардың 5 жүзеге асу сәтінде тұр. Олар: Абилханова Еркежан «6 сыныпқа арналған Биология пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған үштілділік» жобасымен, Капышев Санат – «Конструктор сайтов - q4.kz» , Овчаренко Антон – «Самоходный кабельный передвижчик», Байсекенова Айдана – «Су балансын есептеуге арналған қосымша» , Бекежан Нурлан – «Жарықтың көмегімен сымсыз ақпарат тарату», Каратай Айгерим – «Краудфандинговая система». Токтаганов Турлыхан,  Елжан Еркебулан, Бекболат Азамат – «Болашақ бағбан роботының прототипі», Темиртай Дамина-Дилара – «Корей тілін үйрену бойынша интербелсенді қосымша», Толчин Антон – «QR- гид – интерактивный гид по достопримечательностям и памятникам страны», Тукуева Алия –  «KazGeoTour» ұялы телефон қосымшасын құрастыру», Аманбеккызы Айым, Арбуз Ангелина – «Информационный портал для студентов и абитуриентов»,  Сабитов Руслан – «Дәріге тегін тапсырыс беру қызметі», Аяпберген Ануар – «Электронды күнделік пен журнал», Рахимбеков Адильхан –  «UPAY» әлеуметтік мобилді қосымшасы» сияқты жобалары. Бұл жобалардың барлығы жеңімпаз болғанын атап өту керек.

 

Мысалы: Рахымбек Әділханның –  «UPAY» әлеуметтік мобилді қосымшасы» қайырымдылық қорлары мен оған мұқтаж жандардың арасын байланыстырушысы. Сіз бұл қосымшаны ұялы телефонға жүктейсіз, сәйкесінше сізге сұрақтар қойылып дұрыс жауабыңыз үшін 1 теңгеге ие боласыз. Белгілі бір уақытта жиналған қаражатты қайырымдылық қорларына аудара аласыз. Ал ақша болса қосымшада жарияланатын жарнамалардың есебінен түсіп отырады. Әрине, бұл жобаның іске асуына автор айтқандай 4000 АҚШ доллары қажет.

Іс-шара екі кезеңнен тұрады: бірінші – әр қатысушы инвесторларға жобаларын кеңінен таныстыра алуы үшін жәрмеңке форматында өтеді. Екінші кезең – жобаны қорғау.

-         Құрметті достар, еліміздің осындай дарындары барына мен шын қуаныштымын. Бұл жобалардың барлығы биылығы Елбасымыздың жолдауын іске асыруға жәрдемдесетін бастамалар десек те болады, - деді шара соңында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко. Сонымен қатар әкім орынбасары өзінің назарған жобаларға да жеке тоқталып өтті.

Іс-шараның қорытынды кезеңінде қатысушыларға дипломдар мен ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесін тамашалауға мүмкіндік беретін сертификаттар табыс етіледі. Жеңімпаз атанған жобалар Павлодар облысының ірі кәсіпорындарының қызығушылығын да туғызды. Өндіріс орындарының өкілдері болашақта бірлесіп жұмыс жасауға ниетті екендерін де білдірді.

авторы: Алтынбек Мақсатхан