Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧" партиясы Панфилов аудандық филиалында жыл басынан бері 358 азаматқа қабылдау өткіз

"𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧" партиясы Панфилов аудандық филиалында жыл басынан бері 358 азаматқа қабылдау өткізілді

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Панфилов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 458 өтініш түсті.Оның ішінде оңтайлы шешім тапқаны 262 өтініш, оның ішінде түсініктеме берілді 194 не, Өткізілген қабылдаулардың жалпы саны 127. Қабылдау барысында қабылданған өтініштердің саны 279. Қабылдау барысында түсініктеме берілді 89. Консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Тұрғындар «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Олардың арасында үйге дарбаза орнату,сумен жабдықтау желілерін, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және т.б. бар.

Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының Панфилов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:

1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. Жұмыс номер: 8 728 31 5 20 33

3. WhatsApp : 8 777 425 17 41

Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы іске қосылды.

0
0
218

Осы тақырып бойынша

"𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧" партиясы Панфилов аудандық филиалында жыл басынан бері 358 азаматқа қабылдау өткіз - Yvision.kz