Партиялық бақылау комиссиясы мониторинг жүргізді
"Nur Otan" партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы Қалалық электр тарату торабы АҚ-ның жұмыстарына қатысты мониторинг жүргізді.
Мониторинг жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат - Қызылорда қаласының электр қондырғыларының техникалық жағдайын талдау. Сондай-ақ, заман талабына сәйкес, аталмыш басқармадағы жабдықтардың электронды форматқа көшуі де назарға алынды.
Электр торабы Басқармасындағы биылға жоспарланған жұмыстардың басым көпшілігі жүзеге асқан. Мәселен, талапқа сай емес электр желілері жойылып, қосалқы станциялардың монтаж жұмыстары аяқталып, тұтунышылар жаңа әуе желісіне қосылуда. Сонымен қатар, бірқатар желілерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
