«Паркур қозғалысын дамыту»
«Паркур қозғалысын дамыту»
Бүгін «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» Паркур қозғалысын дамыту бойынша I Халықаралық конференция өтті. Конференцияның мақсаты жастардың паркур қозғалысы жайлы өзара тәжірибе алмасуы, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Паркур - көркемөнер спорттың бір түрі. Оның негізін қалаушылар Себастьян Фукан, Давид Белль. Паркур көркем өнер спорты жылдамдықты, экстремалдылықты және дене бұлшық етінің мықты дайындығын талап етеді. Конференцияда жастар алдағы жоспарларымен бөлісіп, паркур қозғалысын кеңінен насихаттау қажет екенін мәлімдеді.
