Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы шеңберінде мобильдік топ «Цесна-Астық концерні» ЖШС ұжымына барып қайтты

Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні мобильдік топ «Цесна-Астық концерні» ЖШС негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Т. Қаскин негізгі қағидасы «Пара бермеу және пара алмау» болып табылатын, өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру екендігін атап өтті.

Мобильдік топ спикерлері мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімін нығайтуға және халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ерекше назар аударды, барлығын жемқорлықты жоюға әсер ететін, белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.

Іс-шара барысында мобильдік топ мүшелерімен активті диалог жүргізіліп, ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

   
0
0
256

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы шеңберінде мобильдік топ «Цесна-Астық концерні» ЖШС ұжымына барып қайтты - Yvision.kz