«Парасыз болашаққа. Бірге!»
А.ж. 15 мамырда «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы Ақмола облысының Бұланды ауданына кезекті сапарға шықты.
Мобильді топтың құрамында – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мәлік Ахметқалиев, облыстық көліктік бақылау инспекциясының, «Атамекен» ҰКПаудандық филиалының, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары.
«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының жұмысы аудан орталығының алаңынан басталды, орталыққа жиналған тұрғындармен кездесіп, оларға сыбайлас жемқорлық фактілеріне кез болған жағдайда не істеу керек, кімге жүгіну керек екені жазылған шағын кітапшалар таратылды.
Әрі қарай қоғамдық қабылдау аудандық аурухананың, Бұланды АІІБ, ХҚКО еңбек ұжымдарымен кездесті.
Өткен кезеңде мобильді топ 18 рет сапарға шығып, халықпен 40, соның ішінде мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың еңбек ұжымдарымен және азаматтық қызметшілермен кездесу өткізгенін, бұл кездесулерге 4 мыңнан астам адам қатысқанын атап өткен жөн.

