Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Парасыз болашаққа

А.ж. 22 мамыр күні Целиноград ауданына  жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттарын насихаттау мақсатымен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының насихаттау тобы мен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес мобильдік тобының мүшелері келіп Шортанды, Аршалы, Қорғалжын, Целиноград және Феникс филиалдарының   кадрлық резерв мүшелерімен  семинар өткізді.Семинарды «Нұр Отан» партиясы Целиноград аудандық филиалының  төрағасы Таткеев М.С. ашып, насихаттау тобы мен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес мобильдік тобының мүшелері таныстырды. Семинарға «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бекмағамбетов Ғ.М., ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департамент басшысы - Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Беспалинов Б.М., Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының басшысы Баймағамбетов Ә.Б., Ақмола аймақтық филиалының ұйымдастыру және бақылау бөліміні меңгерушісі Закиров Д.С., «Нұр Отан» партиясы Ақмола аймақтық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Балбергенов Е.Е., Ақмола аймақтық филиалының партиялық бақылау инспекторы Канафин Д. және Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, юриспруденция магистрі Шаймардан Ж.және партия мүшелері қатысты. Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Бекмағамбетов  Елбасы жолдауы жайында баяндама оқып қоғамдағы ең өзекті мәселелерге жекелей тоқталып,толыққанды түсінік берді.Бүгінгі қоғамда болып жатқан оң өзгерістерге партия мүшелері алға қойған мақсатына жету үшін партия айқындап берген жолдан ауытқымай,тек алға ғана нық қадам басу керек деп өз ойын түйіндеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Б Беспалинов сыбайлас жемқорлықтың бүгінгі таңда қоғамға келтіріп отырған зияны жайлы баяндап,партия мүшелерін партия Жарғысын мен Әдеп кодексін ұстануға шақырды. Сонымен қатар барлық топ мүшелерінің баяндамалары тыңдалып.видеосюжеттер көрсетілді

Осы сапар барысында насихаттау тобы мен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес мобильдік тобының мүшелері ауданда салынып жатқан мешіттің құрылысмен танысты. Семинар соңынан  насихаттау тобы мен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес мобильдік тобының мүшелері Целиноград аудандық ішкі істер қызметкерлерінің жеке құрамымен, №5 Ақмол мектебі және  «Жұлдыз» балабақшасының қызметкерлерімен кездесті.
Департамент госслужбы

0
0
399

Осы тақырып бойынша

Парасыз болашаққа - Yvision.kz