Парақорлыққа жол жоқ
А.ж. 11 сәуірде «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен тұрмыстағы сыбайластықты барынша азайту және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлде төзбеушілік қағидасын қалыптастыруға бағытталған кезекті кездесу өткізді.
Мобильді топтың құрамында – облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы М. Ахметқалиев,облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюроның, облыс әкімі аппаратының, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Өткен кезеңде 9 сапар және 19 кездесу өтті, соның ішінде «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК қызметкерлерімен, Садовое, Красный Яр ауылдарының, Станционный кентінің тұрғындарымен кездесті.
Қала маңындағы кенттерді аралау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатта ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік сипатта болды, себебі, шағым-арыздарды талдау барысында ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және шенеуніктердің адалдығы туралы қорытынды жасауға болады.
Тұрғындармен кездесу барысныда мобильді топ мүшелері параны алғандар ғана қылмыскер болып саналмайтынын еске салды. Тақырыптық парақшалар мен пара алу фактілері орын алған жағдайда қоңырау шалуға арналған Call-орталықтың номерлері бар буклеттерді алғаннан кейін, азаматтар өздерін толғандырған проблемаларымен бөлісті.

