Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Панфилов аудандық «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен, желілік кестесі

Панфилов аудандық «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен, желілік кестеге сәйкес Жаркент өңірі газетінің бас редакторы Айтмуқаева Бағдат Бейсенқызымен Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында қол жетімді әрі сапалы білім бағдарламасы бойынша кездесу өтті. Қазіргі уақытта індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp» желісінен бас көтермейтін болды. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдет­тегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптар­ды сақтай отырып, білім алудың қалып­тасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды.Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек.

0
0
128

Осы тақырып бойынша

Панфилов аудандық «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен, желілік кестесі - Yvision.kz