Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қостанай облысында қызғалдақ гүлдеді

Baq.kz – Мамырдың алғашқы күндерінде Қостанай өңірінде қызғалдақтар гүлдей бастады. Олар – Голландияның емес, жылыжайда да өсірілмеген өзіміздің дала гүлдері. Аталған гүлдер көзден таса, адам аяғы баспайтын жерде өседі. Әсіресе, көктем гүлдері түрлі-түсті түкті кілемдей Амангелді ауданы даласында жайқалып тұр.
Қызғалдақ жайлы алғашқы деректер Персияның X-XI ғасырдағы дерекнамаларында кездеседі. Кейінірек әйгілі парсы ақыны Хафиз Ширази қызғалдақ жайлы былай деп жазған:
«Оның пәктігімен раушан гүлін де салыстыруға келмейді».
Шренк қызғалдағы алғашқы сұрыптардың басы саналады. Гүлді 1840-1843 жылдар аралығында Солтүстік және Шығыс Қазақстанның табиғатын зерттеген, Петербург ботаникалық бағының қызметкері Александр Иванович Шренктің (1816-1876) құрметіне атаған. Елімізде қызғалдақтардың гүлдеуін сәуірдің аяғынан мамырдың соңына дейін тамашалауға болады.
Өкінішке қарай, елімізде қызғалдақтар жылдан жылға азаюда. Мұндай бүгінде алаптар аз қалған. Оған куә болған жанның көз алдындағы алқызыл гүлді даланың көріністері ешқашан жадынан сызылып кете алмайды. Олар даланың сәнін келтіріп, нәзік хош иісі мен алқызыл-күрең реңімен жабырқау тартқан көңілге көктем сыйлап тұр.
Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар қолды болмауы үшін табиғат қорғаушылар жыл сайын арнайы рейд жұмыстарын да жүргізіп тұрады. Бұл гүлді жұлғандар заңмен қудаланып, айыппұл төлейді.
Фото: alau.kz

Baq.kz – Мамырдың алғашқы күндерінде Қостанай өңірінде қызғалдақтар гүлдей бастады. Олар – Голландияның емес, жылыжайда да өсірілмеген өзіміздің дала гүлдері. Аталған гүлдер көзден таса, адам аяғы баспайтын жерде өседі. Әсіресе, көктем гүлдері түрлі-түсті түкті кілемдей Амангелді ауданы даласында жайқалып тұр.
Қызғалдақ жайлы алғашқы деректер Персияның X-XI ғасырдағы дерекнамаларында кездеседі. Кейінірек әйгілі парсы ақыны Хафиз Ширази қызғалдақ жайлы былай деп жазған:«Оның пәктігімен раушан гүлін де салыстыруға келмейді».Шренк қызғалдағы алғашқы сұрыптардың басы саналады. Гүлді 1840-1843 жылдар аралығында Солтүстік және Шығыс Қазақстанның табиғатын зерттеген, Петербург ботаникалық бағының қызметкері Александр Иванович Шренктің (1816-1876) құрметіне атаған. Елімізде қызғалдақтардың гүлдеуін сәуірдің аяғынан мамырдың соңына дейін тамашалауға болады.
Өкінішке қарай, елімізде қызғалдақтар жылдан жылға азаюда. Мұндай бүгінде алаптар аз қалған. Оған куә болған жанның көз алдындағы алқызыл гүлді даланың көріністері ешқашан жадынан сызылып кете алмайды. Олар даланың сәнін келтіріп, нәзік хош иісі мен алқызыл-күрең реңімен жабырқау тартқан көңілге көктем сыйлап тұр.

Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар қолды болмауы үшін табиғат қорғаушылар жыл сайын арнайы рейд жұмыстарын да жүргізіп тұрады. Бұл гүлді жұлғандар заңмен қудаланып, айыппұл төлейді.
Фото: alau.kz

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/05/103-38/

0
0
2907

Осы тақырып бойынша

Қостанай облысында қызғалдақ гүлдеді - Yvision.kz