Орталық коммуникациялар қызметінде ювеналдық соттардың қызметінің негізгі қорытындылары жөнінде брифинг өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ювеналдық соттардың 2015 жылдың І жартыжылдығындағы қызметінің негізгі қорытындылары және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ағымдағы сот практикасы» атты брифинг өтті.

