Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Орал ШӘРІПБАЕВ: «Ұлттық аза тұту күні – халықтың қайғысымен ортақтасқан күн!»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі үндеуін отбасымызбен бірге отырып тыңдадық. Сонғы уақытта қиналған халыққа осындай дем беретін сөз қажет еді. Өзінің үндеуімен президент елмен бірге, "халықтың үніне құлақ асатын" мемлекет концепциясын тағыда іспен дәлелдеді. Халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Орталық орган басшылары мен жергілікті шенеуніктердің мемлекет басшысынан үлгі алса деген үміт.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде 13 шілде, коронавирус індетінен қаза тапқан отандастарымызды еске алу мақсатында, ұлттық аза тұту күні ретінде белгіледі. Өте орынды бастама. Рас, соңғы кезде осы жаман індеттен қаза болған адамдардың саны күрт артуда.

«Ұлттық аза тұту күні – халықтың қайғысымен ортақтасқан күн!»

Алдағы апта коронавирспен күрестің шешуші кезеңі болмақ. Індетті ауыздықтауда және жағдайды тұрақтандыруда мемлекет барлық тиісті шараны қабылдап жатыр.

Президент өз сөзінде коронавируспен күресте денсаулық саласындағы біраз қателіктердің болғанын да атап өтті. Рас, коронавирус індетіне мемлекетімізде, денсаулық саласыда, халықта дайын болмағаны анық. Мемлекеттің бастапқы іс-шаралары өз жемісін берсе, одан кейінгі карантиндік шектеулерді жеңілдету, халықтың індетке сенбеушілігі - барлығы бірігіп қазіргі қиын жағдайға алып келді. Осы ретте, президенттің індетті жеңу жолында халықты сабырға, бірлікке шақырып үндеу айтуы, мемлекет басшысының халықпен бірге екенін көрсетеді. Сондықтан, барлық жерлестерді мемлекет басшының үндеуіне құлақ асып, белгіленген талаптарды орындауға шақырамын.

Орал Шәріпбаев

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице- президенті

0
0
518

Осы тақырып бойынша

Орал ШӘРІПБАЕВ: «Ұлттық аза тұту күні – халықтың қайғысымен ортақтасқан күн!» - Yvision.kz