Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қолжетімділік пен жылдамдық – хабарлама кепілі!

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі – Департамент) , электронды сот ісін жүргізу көшу бағытындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған мақсаттар айқындалды. Азаматтардың соттармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, сот органдарының интернет-ресурстарында электронды сот құжаттарын көруге арналған «Сот құжаттарымен танысу» онлайн сервисі (бұдан әрі – Сервис) іске асырылып, жұмыс істеуде. Сот процесіне қатысушы ұялы телефон нөміріне немесе электронды мекен-жайына келіп түскен электронды ақпарат (SMS-хабарлама) бойынша логин мен құпия сөзге ие болады. Сервис арқылы белгілі-бір сот ісі бойынша сот құжаттарын көруге, сақтауға және жүктеп алуға болады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kolzhetimdilik-pen-zhyldamdyk-habarlama-kepili

 
0
0
445

Осы тақырып бойынша

Қолжетімділік пен жылдамдық – хабарлама кепілі! - Yvision.kz