Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Дәрия Бегжігітқызымен кездесуі
Желтоқсанның 22 күні аудандық "Nur Otan" партиясы филиалында Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қанат Нұркешұлы және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Дәрия Бегжігітқызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен проблемалық мәселелер жөнінде кездесу өткізді.
Басқосу барысында партия филиалының штаб жетекшісі Қ.Нұркешұлы
"Nur Otan" партиясы жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейту, әркім өзін және отбасыларын лайықты өмір деңгейімен қамтамасыз ете алу міндетін қойып отырғандығын алға тартып, партия бағдарламасы туралы толыққанды ақпаратпен бөлісті. Жиын ашық форматта өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Д.Бегжігітқызы тұшымды жауап қайтарды.
