ru
Default banner
Новости
Новости
5 923 жазбалар424 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Облыстың әлеуметтік маңызы бар объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мониторингі

Мүгедек адамдарды кешенді қолдау үшін Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. ЕХӘҚМ Ұлттық жоспары шеңберіндегі бағыттардың бірі "Кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта" болып табылады.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі ұлттық жоспарды және мүгедек адамдар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі 2020 жылға арналған бекітілген өңірлік жоспарды орындау шеңберінде облыстың әлеуметтік маңызы бар объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Меңдіқара ауданында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының (ауыл әкімдіктері, "Nur-Otan" партиясының филиалы) құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестігін бағалау жүргізілді.

Мониторинг барысында жалпы объектілерде бейімдеу іс-шаралары жүргізілгені анықталды, бірақ сонымен бірге бұзушылықтар анықталды.

Негізгі бұзушылықтар пандустардың бойлық бұрышының сәйкес келмеуі, талап етілетін тұтқалардың болмауы, жоғары шектердің болуы және көру қабілеті нашар адамдар үшін Брайль қарпімен қайталанған тактильді көрсеткіштердің, тақтайшалардың болмауы болды.

Мониторинг нәтижелері бойынша барлық субъектілерге мүгедек адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

"Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау" ақпараттық порталында бейімделген объектілерді көруге мүмкіндік беретін "Қолжетімді орта "Интерактивті қолжетімділік картасы" бөлімі құрылғанын еске саламыз. Осы картаның көмегімен ерекше қажеттіліктері бар адамдар қандай да бір әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде олар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ақпаратты өз бетінше ала алады.

***

Для комплексной поддержки лиц с инвалидностью в Республике Казахстан утвержден Национальный план мероприятий по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью. Одним из направлений в рамках Нацплана МТСЗН является «комплексная доступность и безбарьерная среда».

Отделом по контролю в сфере социальной защиты населения на регулярной основе в рамках исполнения Нацплана и утвержденного регионального плана по созданию безбарьерной среды для лиц с инвалидностью на 2020 год проводится мониторинг по обеспечению доступности социально-значимых объектов области. Так, в Мендыкаринском районе проведена оценка соответствия объектов социальной инфраструктуры (акиматы сел, филиал партии «Nur-Otan») требованиям строительных норм и правил.

В ходе мониторинга выявлено, что на объектах в целом проведены адаптационные мероприятия, но вместе с тем были выявлены нарушения.

Основными нарушениями являлось несоответствие продольного угла наклона пандусов, отсутствие требуемых поручней, наличие высоких порогов и отсутствие тактильных указателей, табличек, продублированных шрифтом Брайля для лиц с ослабленным зрением.

По результатам мониторинга всем субъектам были даны рекомендации по обеспечению доступности объектов для лиц с инвалидностью.

Напоминаем, что на информационном портале «Социальная защита лиц с инвалидностью» создан раздел «Интерактивная карта доступности «Доступная среда», которая позволяет увидеть адаптированные объекты. С помощью данной карты люди с особыми потребностями могут самостоятельно получать информацию по обеспечению доступности для них на тех или иных объектах социальной инфраструктуры.