Облыс журналистерінің пікірі ескерілді
Бүгін облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, Оңғарбаев Аманжол Сакыпұлы, Бихожа Сәрсенкүл Байдешқызы, Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы және Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы аймақтың бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстардың жетекшілерімен кездесті.
«ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн негізде ұйымдастырылған кездесуде үміткерлер алдымен партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, оның тұрғындардың сапалы өмір сүрулері үшін маңызын да жеткізді.
Онлайн кездесуде журналистердің жалақыларын көтеру мен тіл мәселесі сөз болып, осы бағытта түрлі ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Еркін форматта өткен кездесуде мәслихат депутаттығына кандидаттар жеткізілген ұсыныстардың бірқатарын облыс көлемінде көтеруге болатынын айтып, назарға алатындарын жеткізді.
