Облыс жаңалықтарын үйде отырып қарауға болады!
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Жаңа-Ру" жастар коалициясы а.ж. 07 қарашасында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының конференция залында «Облыс жаңалықтарын үйде отырып қарауға болады!» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Отырысқа Облыстық БАҚ-нан "Ақ жол", "Ар Ай" және қалалық "Жамбыл Тараз" газетінің өкілдері, жастар және студенттер қатысты. Отырысты Коалиция Президенті С.Берікқожа жүргізді. Тақырыпты одан әрі дамыту мақсатында "SANA" оқыту орталығының тренері У.Болатбек жалғастырды. Ол әлеуметтік желілірдің пайдасы мен зияны туралы және облыс әкімдігінің ресми сайты мен БАҚ-ның сайттарының қазіргі мән-жайы туралы толық ақпарат берілді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, талқыланып, аталмыш ұсыныстар жауапты тұлғаларға жолданды.

