Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық орында әйелге қол көтерген еркекті көрдіңіз бе?

Адам баласы болғаннан кейін күнделікті өмірде түрлі жағдайларға тап болып жатамыз. Әсіресе, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде... Бүгін ер азаматтарымызға не болғанын түсіне алмадым. Әйел адамға көпшіліктің көзінше қол көтеру (ер адаммен төбелессе түсінуші едім)  деген не масқара? Осыншамалықты қоғамымыз тәртіпсіз бе?

Лық толы автобустың ішінде есік аузында қырық жастар шамасындағы ер адам мен елулерді еңсерген әйел адам тұрып қалыпты. Екеуі де ірілеу келген екен (қысылысқан соң, бір біріне қырғи қабақ болып тұр). Араларында не болғанын қайдам, әлгі ер адам әйелді түсіп бара жатып қатты итеріп жіберді. Оған ашуланған әйел еркекті өз иығымен итеріп қалғаны сол екен, жаңағы еркек сымағымыз әйел адамға жұдырығын ала жүгірмесі бар ма? Масқара, жағасына жармасып жұлқылап жатыр. Басқа жолаушылардың айқайынан соң  ғана әлгі еркек басылып, автобустан түсіп кетті. Жүрегім аузыма тығылды мұны көріп. Өзінен қайда үлкен әйел адамға қол жұмсап түрған ағаларымызды еркек деуге келеді ма екен? Әйел адам кінәлі болса да жұдырыққа жүгіруге болады ма екен? Нағыз еркек дегенің сабырлы, ақылды, өз өзін ұстай алатын болмаушы ма еді? «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» деп тегін айтылмаса керек. Үлгі көрсетуі тиіс үлкендер осылай жасаса, жастарымыз не істейді екен?

Осындай күнделікті «үйреншікті іске» айналып бара жатқан оқиғаларға, адамдардың бәрінің «жүйкесі тозғандығына» кім кінәлі? Билік пе, заман ба, ақшаның аздығы ма, жұмыстың жоқтығы ма әлде адамның мінезі ме?  Ой қосыңыз, пікір білдіңіңіз! Неліктен жүйкеміз жіптен де жіңішкеріп барады?

 
1
0
1363

Осы тақырып бойынша