Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

2015 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті жанындағы Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңестің жұмысына облыстық маслихат депутаттары, Іскер әйелдер ассоциациясының, Жергілікті кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, білім беру мекемелерінің, БАҚ-ның және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысын аша отыра, Қоғамдық кеңестің төрағасы-облыстық мәслихат депутаты С.С.Қуанышев мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау механизмедірінің негізінің бірі көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық мониторингке қатысуға бизнес отралығы мен жұртшылықты кеңінен тарту болып табылады деп атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін бұзуға жол берген мемлекеттік органдарға қызметтердің көрсету мерзімдерін бұзуды азайту бойынша қажетті кешенді шараларды қабылдау мен мемлекеттік қызмет қатарларын алу тәртібі туралы жұртшылық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, соның ішінде баспа берттеріне және теле-радио хабарларына жариялау ұсынылды.


Осы тақырып бойынша

Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. - Yvision.kz