Қоғамдық қабылдау өткізілді
Бүгін Қызылорда қалалық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ысқақова Раушан Жәдігерқызы қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар өз тараптарынан түрлі мәселелерін жеткізді. Келіп түскен өтініштер бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар үшін маңызды мәселелердің шешім табуы жолында үміткер тарапынан тиісті жауап берілді.
