Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде

Қоғамдық бақылау институтын енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы   26   желтоқсандағы №  986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Мұндай бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын жандандыруды ғана емес, сонымен қатар, қоғам мүшелерінің де нақты жауапкершілігін білдіреді.

Осыған орай, а.ж. 24 тамызда «Қоғамдық бақылау» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында орналасқан «Қоғамдық қабылдау» өз жұмысын бастады.

Бұл жобаны Ақмола облысында жүзеге асыруды қолға алған конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаз болып анықталған  «Жас Отан» корпоративтік қоры.

Қоғамдық қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  бойынша  азаматтық бастама орталығы болуға құрылған.

Қоғамдық қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет,   мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы  заңнамалары талаптарының орындалуына қатысты мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсететін, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің ахуалына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізетін болады.

Қоғамдық қабылдау мына мекенжайда орналасқан: Көкшетау қ., Әуелбеков көш., 117-үй, 2-кабинет.

Жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін (сенбі, жексенбі күндерден басқа күндері), түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Департамент госслужбы

0
0
1641

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде - Yvision.kz