«Қоғамдық қабылдау күні»
«Қоғамдық қабылдау күні»
Ақсу қаласының «Балалар шығармашылық үйінде» 30 қаңтарда Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық қабылдау күнін» жүргізді. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Өтешев Мақсұт Ыбырайұлы алғашқы сөзді мемлекеттік қызмет жайлы айтты. Ақсу қаласы әкімінің орынбасары С.В.Гладышева құттықтау сөз сөйлесе ал Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедова бүгінгі таңдағы жастар саясатының қоғамдағы маңызы туралы мәлемет берді. «Жастар бастамаларын дамыту орталығының » директорының міндетін атқарушысы Керімбаев Ануар орталықтың жұмыстары, атқаратын міндеттері туралы айтты. Жиылған жұртшылыққа мамандар тұрғын- үй мәселелерін шешу туралы және психологтан , заңгерден толғандырып жүрген сұрақтары бойынша ақпарат берді.
