{"blocks":[{"key":"bj1cj","text":"Желтоқсанның 24-і күні яғни бүгін облыс пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер партияның желілік кестесіне сәйкес Мұсабек ауылдық округіне арнайы барып \"Есіктен - есікке\" акциясын өткізді. Олар жергілікті тұрғындардың шаңырағында болып сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан жолданған сауалдарға жауап қатып, ұсыныстарын қойын дәптерлеріне түртіп алды. Алдағы уақытта әрбір айтылған ұсынысты қадағалап, шешімін табатын болады.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}