Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының облыстық-аумақтық конференцияларын өткізу күні жарияланды

Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және біздің өңірден Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар айқындалатын болды.

Аудан-қалалық конференцияларға делегаттарды сайлау үшін бастауыш партия ұйым жиналыстары – 7-8 қараша күндері, партиялық тізімді бекіту, облыстық конференцияға делегаттарды сайлау бойынша аудан-қалалық филиалдарының кезектен тыс конференциялары 10-12 қараша, ал облыстық конференция ағымдағы жылдың 16 қараша күні өткізілмек.

Конференцияларда шешім қатысушы делегаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру «Праймериз» ақпараттық жүйесінде өтетін пікірсайыстардың қорытындылары бойынша дауыс беруді қоспағанда, делегаттың мандатын көтеруі арқылы өткізіледі.

Конференция барысында қатысушылар арасында пікірсайыс ұйымдастырылады.

Пандемияны ескере отырып, партиялық конференциялар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Бұл ретте партияның Facebook және Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында облыстық және аумақтық конференцияның онлайн көрсетілімі өтеді.

#NurOtan

0
0
197

Осы тақырып бойынша