"Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX съезі өтті
Аталған шараға Қарағанды облысы атынан 24 кандидат қатысты. Соның бірі - «Jas Otan» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Ержан Хамитов. Ол өз сөзінде былай деді: "Бұл менің алғаш рет съезге қатысуым. Қарағанды облысы атынан 24 делегаттың қатарынан табылу мен үшін үлкен құрмет болды. Алдағы уақытта мемлекетіміздің және барша жұртымыздың әл-ауқатын арттыру үшін еңбек етуге ниеттімін!"
Сондай-ақ, съезд барысында Елбасы, партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне және пандемия кезіндегі жұмысына тоқталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Біз, өз кезегімізде, таңдау түскен кандидаттарға елдің сенімі мен үмітін ақтаңыздар деген тілек айтамыз!
