Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жариялады.

    Партияның бағдарламасының жобасында нақты қаржымен бекітілген 258 нақты шара бар (21 трлн теңге).     Бағдарлама Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады.     Бағдарламаның бастапқы жобасына Мемлекет басшысының 2020 жылғы Жолдауының 55 тапсырмасы қосымша енгізілді.     «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 145 бөлімінің 87-сі  бағдарламада көрсетілген. Тапсырмалардың бір бөлігі нақтыланды және нақты индикаторларға ауыстырылды.     Бағдарлама жобасына Мемлекет басшысының Жолдауынан бизнесті қорғау, ауыл әкімдерін сайлау, бюджет саясаты, балалар құқығын қорғау, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, денсаулық сақтау бөлімдері кірді.     ҰҚСК отырысында қаралатын мәселелердің ішінде бағдарламаға әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, білім беру, одан әрі саяси реформалар мәселелері енді.     Жалпы, бағдарламада 163 нақты индикатор, оның ішінде 15 заңнамалық бастама бар.     Сайлауалды бағдарлама әлемдегі ең табысты партиялардың тәжірибесіне, қоғамдық пікір өлшемдеріне сәйкес стратикалық тәсілді пайдалана отырып пысықталды (15 негізгі страта және 5 әлеуметтік-экономикалық сала), қысқартылды және сайлаушыға қолжетімді тілде баяндалды.     Сондай-ақ партия өңірлік сайлауалды бағдарламаларын  әзірледі, ол  216 нақты жобадан тұрады.     Аталған бағдарламалар жобасы праймериз барысында халықпен бірге кеңінен талқыланып, 17,5 мың ұсыныс пен талап-тілек түсті. Олардың барлығы  өңірлік және негізгі Сайлауалды бағдарламасының жобасын пысықтау кезінде ескерілді.     «Nur Otan» ел тарихындағы алғаш рет праймериз өткізіп, «Мықты лидерлер – Мықты партия» формуласын жүзеге асырды.     Праймериз қарапайым азаматтардың саясатқа араласуына жол ашты. Праймериздің 77 жеңімпазы Мәжіліске арналған партиялық тізімге енді. Нәтижесінде партиялық тізім 61,1 % жаңартылды.

«Nur Otan» партиясы өткен бесжылдығында қарқынды жұмыс істеді. Партияның 234 қоғамдық қабылдауы сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болды.     Соңғы 5 жыл ішінде партиялық басты органдар түрлі мемлекеттік және партиялық органдарға 800-ден астам ұсыным әзірледі. Мәселен, Партиялық бақылау комитетінің араласуымен 9,3 мың медицина қызметкеріне өтемақы төленді.     Өткен бес жыл ішінде партияның «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі 2 есеге артты (2015 жылғы 1,2 млн болса 2019 2,4 млн құрады).     417 мектеп салынды (75 уәделенген) 2020 жылдың соңына дейін тағы 141 мектептің құрылысы аяқтау жоспарланған.     2,6 млн шаршы метр жалға берілетін үй салынып (1,4 млн шаршы метр уәделенген), денсаулық сақтау саласында 156 МЖС жобасы жүзеге асырылды.     Партияның басшылығымен елімізде 3,1 мың балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуы 86%-дан 98,5%-ға өсті.     2017 жылдан бастап «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы іске қосылды. Жоба аясында 200 мың адам білім алды, олардың 80% әлеуметтік осал топтар өкілдері.     5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның 30% өтініштерін онлайн жолдады. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.     Партия депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілді.     Пандемия кезінде қабылдаулардың жұмысы онлайн форматта өткізілді, электронды түрде 339 мың өтініш қабылданды.     Партия Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүйелі жүзеге асырып келеді.     Мәселен, карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға кешенді көмек  көрсететін «111 шұғыл қызмет» байланыс орталығы іске қосылды. Оған 2 айдың ішінде 3 мыңнан астам өтініш түсті.     «Nur Otan» партиясы нақты әлеуметтік топтардың мәселелерін жобалық тәсіл негізінде шешіп келеді.     Мәселен, «Кедергісіз келешек» жобасының арқасында ерекше қажеттіліктері бар 40 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылып, 24 мыңнан астам нысан соларға ыңғайландырылды. Жалпы білім беретін мектептерде 43 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.    «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында  ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің 200 мыңнан астам әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешілді.     «Бақытты отбасы» жобасы аясында 1300-ден астам білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелеріне мониторинг жүргізілді.     Партияның мәжілістегі фракциясы белсенді жұмыс істеді. Нұротандық депутаттар балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру тұрғысынан заң жобаларына 45 ұсыныс енгізді.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес партия үшін принципті мәселе. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесіп жоғары оқу орындары мен колледждерді тексерді. Нәтижесінде 10 мыңнан астам студенттің жатақханалардағы өмір сүру жағдайы жақсарды.     «Жастар – Отанға!» бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда 13 мыңнан астам жас қазақстандық жұмысқа тұрды.      «Nur Otan» елдегі саяси партиялардың ішінен алғашқылардың бірі болып пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарына қарсы тұрды.     Елбасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры 2,2 милионнан астам қазақстандық пен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне материалдық көмек көрсетті. Халықтың неғұрлым аз қорғалған топтарына жататын 100 мың отбасына 5 млн. медициналық маска тегін таратылды. 1 млн-нан астам адам 4,4 млрд. теңге сомаға бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнап 32 үй салынып, 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.     Пандемия мен күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, партия белсенді жұмыс жүргізді, өзінің барлық әлеуметтік сайлауалды міндеттемелерін орындады және сайлаушылардың сенімін нығайтты.     2019 жылы тамыз айында партияны қайта жандандыру бағдарламасы қабылданды. «Партия қатарын тазарту» аясында Жарғы мен Этика кодексін сақтамағаны, партиямен байланысты жоғалтқан 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылды.

0
0
154

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жариялады. - Yvision.kz