Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы МОФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Оның айтуынша, облыстың білім беру ұйымдарының тәрбие беру бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілікте болады деген облыстағы барлық білім беру ұйымдарының жарғысына енгізілген.

Маңғыстау облысы бойынша барлығы – 163 жалпы орта білім беру ұйымы бар. Оның ішінде – 143 күндізгі, 5 – кешкі, 15 – жекеменшік мектеп. Облыстағы жалпы білім беру ұйымдарының басшылары тоқсан сайын ата-аналар мен ұжымның алдында есеп беру кездесулерін өткізіп отырады.

Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының І жартысындағы қамқоршылық кеңесі мүшелеріне атқарған жұмысының есебі туралы жиналыстар өткізілді.

Облыстың білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында 141 мектепте «Адал ұрпақ» клубтары құрылып, оған 50000-нан аса оқушы, 25 колледжде «Саналы ұрпақ» клубтары құрылып, оған 3824 студент (2020 ж. – 1033) қамтылды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлескен жұмыстар атқарылуда. «Саналы ұрпақ – Жарқын болашақ» жобасы аясында «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарының үлгісіне сәйкес, колледждермен өңірлік Департамент арасында екі жақты жоспар бекітілді.

2020 жылдан бастап білім саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер 93 % автоматтандырылды. Өтініштер электронды үкімет веб-порталы арқалы қабылданып, арнайы ақпараттық жүйеде өнделеді.Осылайша, жүйе қосылғаннан бері қызмет электронды түрде көрсетілді

Қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер біртіндеп, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуде. Соның бірі, 2019 жылдан бастап талапкерлерді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау автоматтандырылды.

Кеңес мүшелері күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауаптарын алып, ұсыныстарын айтты. Айта кету керек, облыстық білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық деректерінің жолын кесу және болдырмау бойынша барлық сұрақтарды өзінің жеке бақылауында ұстап отырғанын тілге тиек етті.

0
0
254

Осы тақырып бойынша