Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы МОФ жанындағы қоғамдық кеңестің бірлескен кезекті отырысы өтті.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалаларда кәсіпкерлерді несиелендіру барысы туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбегенның баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында шағын несие беру үшін республикалық бюджеттен 700,0 млн теңге бөлінген. Қаражатты толық игеру қазан айына жоспарланған. Үстіміздегі жылдың 27 шілдесіне қараған күнде «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 466,4 млн.теңгеге 43 өтінім қабылданды, оның ішінде 294,3 млн.теңге 28 шағын несие берілді, 53,3 млн.теңгеге 4 шағын несие мақұлданды және 118,8 млн.теңгеге 11 шағын несие қаралу үстінде. Сонымен қатар 143,3 млн.теңгеге 10 кәсіпкер құжаттарын жинақтау үстінде. Жүйелі мәселелер қатарында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да қызметкерлердің жетіспеушілігі себебінен Жаңаөзен қаласынан толық құжатпен дайын келген кәсіпкерлердің құжаттары уақытында қабылданбауда, осы мәселе кәсіпкерлердің наразылығын туғызуда.

Айта кету керек, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының талаптарына сәйкес, 20 % стартап болуы қажет. Қазіргі таңда, стартап жобалар 18% құрап отыр.

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Шопанов баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 15 мыңнан (15 610 адам) астам адам қатысушы ретінде танылып, 13 мыңнан (13 438 адам) астам адамы әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Аталған бағдарлама шеңберінде биылғы қаражат есебінен 124 адамға 773 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді және рефинансирование қаражаты есебінен 122,2 млн теңгеге 29 адамға несие берілді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 769 адам (РБ – 557 адам, ЖБ – 212 адам) онлайн оқыту арқылы оқуға жолданды (жоспар – 950 адам). Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 48 адам қамтылды, жыл соңына дейін 403 адам қамтылу қажет. Бұл шараға жергілікті бюджеттен 56,8 млн. теңге бөлініп отыр. 2021 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 607 адамға 354,1 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 490 адамға 286 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Сонымен қатар жыл басынан бері Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 12 мыңға жуық адам немесе бағдарламаға қатысушылардың 77 пайызы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 7 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Анықтама үшін: Бағдарлама шеңберінде уақытша жұмыспен 4 985 адам қамтылды. Оның ішінде 504 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 460 адам жастар тәжірибесіне, 25 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына және 3 999 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Жұмысшылардың қысқаруын алдын алу үшін облыс бойынша 3 187 мекеме мен кәсіпорындармен Ынтымақтастық Меморандумдарына қол қойылды.

2021 жылы 32 715 жұмыс орындарын құру жоспарланды. Бүгінгі күні жоспардың 61,4 пайызы орындалды, яғни 20 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының ішінде 15 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары немесе 74 пайызды құрап отыр. Баяндамашыға комиссия мүшелері сұрақтарын қойып, әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарын айтты.

0
0
239

Осы тақырып бойынша