«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті.
Отырыс аясында ЖҚЖК-сын Қарағанды облысында жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылды.
Қарағанды облысында 2020 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы жалпы сомасы 63,7 млрд теңгені құрайтын 626 жобаны қамтыды. 2020 жылдың IV тоқсанының басындағы жағдай бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларындағы жергілікті қамту үлесі 90% құрады.
Жүзеге асырылған инфрақұрылымдық жобалар бойынша 14 499 жұмыс орны құрылды, оның жартысы бұрынғы жұмыссыздарды жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алды.
Жалпы, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша облыстың 140 елді мекенінде инфрақұрылым жақсаруда. Сондай-ақ, 31 нысанның құрылысы жоспарланған болатын: мектептер, балабақшалар, спорттық-сауықтыру орталықтары, жылу және сумен жабдықтау желілері және т.б .Олардың кейбір бөлігі пайдалануға берілді, қалғандары белгіленген мерзімде аяқталады.
2020 жылы Бағдарламаға сәйкес облыста 122 аула аумағын абаттандыру, 146 балалар мен спорт алаңдарын орнату, 14 саябақ, скверлер, аллеяларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, 1050 контейнерлік алаң жабдықталуда, оның ішінде 1000 алаң Қарағандыда.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша жылумен және электрмен жабдықтау саласында жалпы сомасы шамамен 4,6 млрд.теңгені құрайтын 6 (жаңа) жоба іске асырылуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы "Инженерлік-көліктік инфрақұрылым" бағыты бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру аясында облыстың барлық аймақтарында жалпы ұзындығы 271,7 км құрайтын автомобиль жолдарының 121-ші учаскесін 13,1 млрд.теңгеге жөндеу жоспарланған.
Жезқазған қаласында ЖҚЖК бойынша модульді инфекциялық аурухана салынды. Бағдарлама аясында облыста 460 әлеуметтік нысан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік инфрақұрылым нысындары жөнделді.
Көптеген жылдар бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, ауылішілік жолдар жөнделіп, ауылдық мектептер мен мәдениет үйлері ретке келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын одан әрі іске асыру туралы қаулы қабылданды.
ПОСТ С ФБ
