Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әнім шарықта» атты облыстық Музыкалық Премиясы

Тұңғыш рет Павлодарда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қала әкімдігінің қолдауымен «Әнім шарықта» атты облыстық Музыкалық Премиясы өткізілді.

Қазақ даналығында «Өнер сатылмайды, Өнер бағаланады», деген қағида бар. Өнер адамы үшін халықтың қошеметі, тыңдарманның махабатынан биік баға жоқ шығар. Керекулік өнерлі, әнші, сазгер, ақын ұл – қыздарымыз түрлі номинацияларға лайықталып, марапатталды. Музыкалық премия басталмас бұрын жұлдыздарымыз қызыл кілемнен өтіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кеш шымылдығын әнші  Маусым Шәкім «Аманат» әнімен ашты.  Көңілді кешті белігілі жүргізушілер Айдар Құрымбаев пен Елдос Төлеубаев жүргізді.

Ал, қатысушы жұлдыздарымызды Қазақ өнерінің майталмандары құттықтады. «Үздік жас әнші» номинациясына ие болған Адина Жиенбаеваны белгілі айтыскер ақын Ринат Зайтов ізгі тілегімен марапаттаса, Павлодар облысының белгілі әншісі Серік Мусалимовты «Ең үздік хитмэн» номинациясымен «Ертіс Медиа Холдингі» АҚ-сі басшысының орынбасары Жұмабек Сманов  лайықтады.

«Ең үздік үн иесі» номинациясы Салтанат Темірхановаға бұйырды, Салтанатты қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Ринат Малцагов құттықтады. « Ең үздік әуен» номинациясын айтыскер ақын, «Алтын домбыра 2015» жеңімпазы Аспанбек Шұғатаев  әнші Ғалия Ерболды аталған номинациясына лайықтады. Еркін күрестен Олимпиада үміткері Дәулет Шабанбай «Үздік ару әнші» Айгүл Жұмағұлованы марапаттады.

2015 жылдың Қазақстанның вице-миссі Әмина Қожанова көрермен көзайымы атанған Маусым Шәкімді жеңісімен қуантты. Естай атындағы Мәдениет сарайының директоры, кешегі Сал-серілердің сынығы,әнші Асылбек Сапарбекұлы жуырда Елбасы алдында ән айтып, Алтынбек Қоразбаевтын батасын алғаның, айта кетіп Алексей Лодочниковқа «Ең үздік дәстүрлі әндерді орындаушы» номинациясын табыстады. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Бала дауысы» ұлттық ән байқауын жеңіп алған біздің жерлестеріміз Мерхат Жылқыбаев пен Марина Затварницкаяны ерекше құттықтауға ие болды.

«Ең үздік дуэт» атанған Елдос пен Аюбекті көптеген филімдерде басты рөлді сомдаған, танымал актер Нұржан Садыбеков құттықтады. Аталған  музыкалық премия Естай атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткізілді.

Естай атындағы мәдениет сарайының директоры Асылбек Сапарбекұлының айтуынша, өткізілген бұл музыкалық премия өз жоғарғы деңгейінде өтті.

- Өнер - кезкелген адамның бойындағы белгілі бір нәрсеге бағытталған қабілет, икем. Өнердің түрлері өте көп. Мысалы: ән айту, би билеу. Өнерпаз - сол өнердің бірін өз бойында игерген адам. Сол өнер иелерін бүгін марапаттауды жөн көрдік. Қатысушыларды жүлдерімен шын жүректен құттықтаймын. Шығармашылықта тек биік белестерді тілеймін! Ары қарай осы қарқынмен жұмыс жасайтын боламыз-дейдіАсылбек Сапарбекұлы.

Ал, жас әнші Адина Жиенбаеваның айтуынша , осындай премиялық іс-шараға алғаш қатысуы. Майра Ілиясованың батасын алып, талай телевизиялық жобаларды жүргізсе де бүгін толқығанын жасырмады.

- Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайтов мені марапаттағаны күтпеген тосын сый болды. Мен өте қуаныштымын! Ұйымдастырушыларға үлкен  алғысымды білдіремін- деді жас әнші.

1
0
1764

Осы тақырып бойынша

«Әнім шарықта» атты облыстық Музыкалық Премиясы - Yvision.kz