Несие есебіңді біл!

Өзіңіздің несиелік тарихыңызды білгіңіз келеме? Банктік өтінімдер мен барлық өзгерістер туралы ақпарат алғыңыз келеме? Онда Халыққа қызмет көрсету орталығына келіңіз! Біз сізге көмектесеміз!
Сіздерге ұсынатын келесі мемлекеттік қызмет түрі «Несие тарихын бақылау (мониторинг)» және «Несие тарихындағы ақпаратты даулау»
Қызметті e-gov.kz порталы арқылы :
- Басты беттегі «Азаматтарға» категориясынан «Салықты және қаржы» бөліміне ауысамыз.
- «Экономика және қаржы» бөлігіне кіреміз – Несие тарихын бақылау (мониторинг) немесе несие тарихындағы ақпаратты даулау.
- «Онлайн қызметке тапсырыс» нүктесін басамыз. Несие тарихын бақылау үшін нысанды толтыру кезінде қызметтік қол қою мерзімін көрсетіп, өзінің ұялы телефонын көрсету керек. Өтінімді толтыру үшін ЭЦҚ талап етілмейді. Қол қою мерзімін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихында» жеке кодты басу арқылы ұзартуға болады. Толтыру формасы немесе өзіңнің несиелік тарихыңның бақылау жауабын алуға болады. Бақылауды 3 және одан да көп айларға қосқан кезде қолданушы жылына 1 ден 4 ретке дейін тегін түрде қайталама несиелік есепті ала алады.
Несиелік тарихтағы ақпаратты даулау қызметі оны алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде дербес несиелік есептегі мәліметтерді даулауға мүмкіндік береді. Ол үшін электронды өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады.
