Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Некені (ерлі –зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерді жазбаларына өзгерістер,толықтырулар енгізу

Құрметті әлеуметтік желі оқырмандары «Некені (ерлі зайыптылықты) бұзуды тіркеу оның мемлекеттік қызмет көрсету  тәртібіне келетін болсақ қызмет көрсету мерзімі сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу хабарсыз кеткен немесе сырқат, ақыл- есінің  кемдігі  салдарынан әрекетке қабылетсіз деп танылған адамдармен және қылмыс жасаған сотталған адамдармен некені бұзуды тіркеу сот шешімі негізінде  екі жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіледі.Егерде кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда өзара келісімі бойынша некені бұзуды тіркеу отыз күн ішінде тіркеледі.Егерде екі жақтың келісімімен бірге некені бұзуды тіркеу екі жұмыс күнде тіркеледі. Халыққа қызмет көрсету орталығының тұтынушылары жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.Некені бұзуды тіркеу үшін мемлекеттік әр түрлі мөлшерге бөлінеді. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша 2 айлық есептік көрсеткіш. Сот шешімі негізінде 1,5 АЕК ерлі зайыптылардың бірінен немесе екеуінен алынады.  Сот шешімі негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен сырқат ақыл-есі кем деп танылған адамдарға 0,1 АЕК мөлшерде төленеді. Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.Сот шешімі негізінде қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар: 1)Жеке басын куәләндыратын куәлік. 2)Белгіленген үлгідегі өтініш. 3) Некені бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі. 4)Түбіртек. 5)Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі зайыптылардыңөзара келісімі бойынша некені бұзу үшін: 1) Жеке куәлік. 2)Арнайы үлгідегі өтініш. 3)Неке қию туралы куәлік. 4)Түбіртек. Хабарсыз кеткен немесе сотталған, ақыл –есімінің кемдігі салдарынан әрекет қабылетсіз деп танылған адамдарға: 1)Жеке куәлік. 2)Өтініш. 3)Сот шешімінің көшірмесі. 4)Неке қию туралы куәлік. 5)Түбіртек   қажет.Құрметті оқырмандар жоғарыда аталған қызмет түрін ХҚКО-ғы арқылы өткізе аласыздар.

 
1
0
909

Осы тақырып бойынша