Назарыңызға! Конкурс!
Назарыңызға! Конкурс!
Қазақ хандығының 550-жылдығының тойлануы қарсаңында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ «Книга, которую стоит прочесть» облыстық байқауына бастау береді. Мұндай блиц-байқауды ай сайын өткізу жоспарланып отыр. Кітаптың нақты қайсысын оқу керектігін байқау ұйымдастырушылары ұсынады.
- Байқауға кімдер қатыса алады?
Отандық және шетелдік жазушылардың сапалы әдебиетін оқып, аралысқысы келетін кез-келген 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтар.
- Байқау қашан басталады?
Сұранымдарды 2015 жылдың 17-ші тамызынан бастап қабылдаймыз. Байқау ай бойы өтеді.
- Байқау шарттары қандай?
1 қадам: [email protected] сайтына «Караван выходит на рассвете» белгісімен сұраным жіберу;
2 қадам: ұсынылатын кітапты тауып, оқып шығу;
3 қадам: ұйымдастырушылардың қитұрқы сұрақтарына жауап беру үшін кітапты тағы бір рет оқып шығу:
4 қадам: байқау қатысушыларына арнап, өзіндік арнайы сұрағын құрастырып келу;
5 қадам: Жастар бастамаларын дамыту орталығына тағайындалған күні келіп, шығарма мазмұны бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беру;
6 қадам: барлық сұрақтардың толық және дұрыс жауаптары үшін Орталық Директоры атынан басты жүлде – Ноутбук алу.
- Ақпарат жайында қайда жүгіну?
Жастар бастамаларын дамыту орталығына келу.
Мекенжай: Павлодар қаласы, Ломов 38 көш.
Байланыс телефоны: 8(7182)661242
