Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Алдаспан» ақындарымен кездесу өткізді.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өңіріміздің жас ақындарының шығармашылығымен танысу мақсатында «Алдаспан» жас ақындар клубының мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Абзал Қабдраш, Алтынбек Мақсатхан, Оразбек Саяхат, Мәрес Байрон сынды жас ақындармен бірге, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернаттың 9 сынып оқушысы Ердәулет Әдірайым мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Еркебұлан Елжан қатысты.

Кездесу кешкі сағат 7-ге белгіленгенімен өте қызу өтті. Жас ақындар ақындық жолға қалай келгендігі, бағындырған белестері шығармашылықтары жайлы қойылған сұрақтарға жауап берді.   Өз кезегінде Абзал Қабдраш «Егер менің өмірім», Оразбек Саяхат «Майл ру-дағы махаббат», Алтынбек Мақсатхан «Махаббат химиясы» секілді оқырман көңілінен жол тауып үлгерген өлеңдерін оқып берді.

- Өнердегі өз орындарыңызды тауып, ел намысын, облыс намысын дүбірлі додаларда абыроймен қорғауларыңа тілектеспін. Алдағы уақытта мұндай шараларды бірлесе жиі өткізіп тұрайық, - деді тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Бибігүл Досжанова.


Сонымен қатар жас ақындар көрермен сұрауы бойынша құлмамбет айтысын жасап, оқушыларды әзіл-қалжыңға қарқ қылды. Шара соңында кеш қонақтарына естелік сыйлықтары табыс етілді.

 
0
0
1573

Осы тақырып бойынша

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Алдаспан» ақындарымен кездесу өткізді. - Yvision.kz