Нарынбаев Ерлан әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізді.
Желтоқсанның 31 күні аудандық "Nur Otan" партиясының филиалында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нарынбаев Ерлан әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізді.
Тікелей эфир барысында партия бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Қазақстанның басты 7 жетістігіне тоқталып өтті.
"2021 жылдың 10 қаңтары - Әрқайсымыздың және ел болашағын межелейтін жолымыздың БАСТЫ ТАҢДАУЫН ЖАСАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ әрқайсымыздың белсенді азаматтық ұстанымымызға байланысты! «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші партиясы, оның басты міндеті-әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру;
-қоғамда, әсіресе, жастар арасында барлық азаматтардың өзара сыйластық және теңдік, ұлттық, отбасылық құндылықтарын дәріптеу;
-мұғалім мамандығына деген құрметті арттырып, мәртебесін көтеру;
-2025 жылға қарай 800 жаңа объектінің құрылысы есебімен үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер мәселелерін шешу;
-жастарды жұмыспен қамту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
-Назарбаев Университетінің іс-тәжірибесі бойынша 2 жетекші аймақтық ЖОО құру. Біртіндеп тиімсіз оқу орындарын жабу;
-сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім беру үшін 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша шара қабылдау",-деген партия кандидаты алдағы сайлау науқанында NUR OTAN партиясына дауыс беруге шақырды.
