Нұрлан Ермекұлы ауданға қарасты Айдарлы ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарымен жүздесті.
Бүгін штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Ермекұлы ауданға қарасты Айдарлы ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарымен жүздесті.
Кездесуге барған спикерлер "Nur Otan" партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайтындығын атап өтті. Сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Ауыл - ел бесігі" жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болатындығына ауыл түрғындарының назарын аудартты.
Партия бағдарламасын ұйып тыңдаған ауыл тұрғындары партияға қолдау білдіретіндіктерін білдірді.
