Нұрлан
Сізге ұқсайтын адамды іздей берем. Мен үшін жігіттің сұлтаны дәл сіздей болуы керек сияқты. Ақылына көркі сай, бірнеше өнердің жетегінен ұстаған дарын иесі, мен идеалға балайтын адам- Нұрлан Әлімжан. Көкше өңірінің тумасы, Алматыға арман қуып барған. Алла қолдап, жолы болды, ризамын. Бір топырақтан шыққасын ба, аға, сізді қатты жақсы көрем! Сіздің сөз саптауыңыз, өзіңізді ұстағаныңыз, ақылыңыз басқа адамда жоқ, мүлдем жоқ. сіз ерекше, дарасыз. Актерлік, ақындық, әншілік, Құдай-ау, осыншама өнер бір адамның бойында қалай тоғысқан. Сіз жайлы бағдарламаларды көріп, әніңізді тыңдасам бір серпіліп, бақытты болып қалам, аға, білесіз бе?!)) Болашақта өзіммен болатын адамның бойынан сіздің дәл сіздің бойыңызда бар қасиеттерді көргім келеді. Жеңгеміз, бақытты біздің, Аллаға шүкір. Әр қазақтың азаматы өзіңіздей болсын,Нұрлан аға!
