Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нұриахмет Нұрбекұлымен штаб мүшелері кездесу өткізді.

Бүгін аудандық партия филиалында "Ардагерлер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Нұриахмет Нұрбекұлымен штаб мүшелері кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен талқыланып, нақты жұмыс жоспары пысықталды. Бүгінгі күнге дейінгі партия үгіт-насихат жұмыстарының орындалу барысы да айтылды.

Аудандық "Ардагерлер ұйымы" аудандық филиалының төрағасы Н.Нұрбекұлы: "Nur Otan" партиясы үгіт жұмыстарын белсенді жүргізуде",-деп штаб жұмысына оң баға берді. Ал Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қанат Нұркешұлы ардагерлердің партияның кездесулерінде маңызды орны бар екендігін атап өтті.

Осы тақырып бойынша

Нұриахмет Нұрбекұлымен штаб мүшелері кездесу өткізді. - Yvision.kz