Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Нұр Отан» партиясы «Астана» футбол клубының жеңісімен құттықтады

«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтарды «Астана» футбол клубының жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды партия баспасөз қызметі.

«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтарды ел спортының тарихи жеңісі - «Астана» футбол клубының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтайды!

Бұл – бірлігі мен ынтымағы жарасқан барша халқымыз үшін - айтулы мереке!

Қазақстан футболының тарихындағы бұрын-соңды болмаған осынау ерен жетістік отандық клубтардың танымалдығын арттыратыны және елімізде осы спорт түрінің дамуына, өскелең жастардың спортқа құлшынысының еселене түсуіне ықпал ететіні сөзсіз.

Жанкүйері ең көп дүбірлі дода арқылы және «Астана» брендімен еліміздің барша жетістігін әлемге кезекті мәрте паш еткен осынау мерейлі мереке Елбасының сарабдал саясатының жемісі екені ақиқат.

Отандық жанкүйерлерге ерекше қуаныш сыйлаған «Астана» клубының биылғы жетістігі — ел футболының тарихына алтын әріппен жазылмақ.

Барша қазақстандықтарды осынау тарихи жеңіспен құттықтай келе, спортшыларымыздың алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, ел мерейін асыра беруіне тілектестік білдіреміз!",делінген құттықтау хатында.

 
0
0
292

Осы тақырып бойынша