Мониторинг жүргізді
"Nur Otan" партиясы Алматы облысы Кеген аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мұқаев, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және аудан әкімшілігі жанынан құрылған мобильді топ мүшелері аудан орталығындағы базарларда, сауда орындарында карантиндік режим кезінде санитарлық нормалардың сақталуына рейдтік жұмыстар, азық-түлік бағасының тұрақтылығына мониторинг жүргізді. Рейд кезінде карантин режиміне сай емес сауда орындарына ескерту жасалып, санитарлық нормалардың сақталуын түсіндірді. Осындай шаралар қауіпті вирустың таралуының алдын алуға өз септігін әрине тигізеді. Алдағы уақытта рейдтік, мониторингтік жұмыстар өз жалғасын табады.
