Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен кездесті

 

А.ж. 4 мамырында мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру және жедел түрде азаматтарды қабылдау.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастың қалыптасуы  басым болып табылатынын атап өтті.

Мобильдік топ спикерлері "Нұр Отан" партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Көлбаев, Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаментінің тергеушісі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Бақытжан Жұмабеков азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту мен халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлді.

Кездесу барысында қатысушыларға арнайы тақырыптық бейнероликтер  көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

0
0
314

Осы тақырып бойынша

Мобильдік топ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz