Мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмысын жалғастыруда
А.ж. 25 сәуірде мобильдік топ "Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ және Мемлекеттік филармония ұжымдарымен кездесті.
«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы өтілу барысында мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясаты түсіндіріліп, азаматтарды тікелей қабылдау жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тлеген Төлегенұлы Қаскин өз сөзінде, жемқорлықты қоғам қабылдамауға және жоюға әрекет жасамаса қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екенін атап өтті.
Мобильдік топ спикерлері «Нұр Отан» партиясы филиалының партиялық бақылау инспекторы Серік Нүсіпұлы Күлбаев, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Дәулеткерей Рахметоллаұлы Рахметуллин, «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бакдәулет Болатұлы Жанділдаев қоғамды белсенді азаматтық ұстанымдарымен жемқорлықты түбегейлі жоюға үлес қосуға шақырды.

