Мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда.
А.ж. 18 сәуірде Төтенше жағдайлар комитеті мен Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы МКК ұйымының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізді.
Мобильдік топ мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімін нығайтуға және халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ерекше назар аударды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары озық түрде жүріп жатқаны, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мақсатында мемлекет пен қоғамның күш біріктіруі туралы айтып өтті.
Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз пікірлерін ортаға салды және осы мәселеде қатысушыларды азаматтық тұрғыда белсенді ұстаным жасауға шақырды.
Кездесу қорытындысында қатысушыларға арнайы бейнероликтер көрсетілді және азаматтарды қабылдау жүргізілді.

